Жамбыл облысында кембағал жан тұрмысы төмен отбасыларға тегін нан таратуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында кембағал жан тұрмысы төмен отбасыларға тегін нан таратуда

22.11.2018

Өз кәсібін ашқан жас кәсіпкер қыркүйек айынан бері  пісірген нанның біразын тұрғындарға үлестіріп келеді.  Талас ауданындағы Қызыләуіт ауылында наубайхана ашылғалы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Әсіресе, сегіз баланың анасы Ирина үшін біраз жеңілдік болды. Балабақшада еңбек ететін көпбалалы ананың нан жабуға уақыты тапшы. 

Ирина Шатрова, ауыл тұрғыны:

Осындай кәсіпкерлікті ашып, бізге тегін нан таратып отыр. Қызымыздың өркені өссін.

Еңбегімен елдің алғысына бөлену Қарлығаштың ең үлкен арманы болатын. Былтыр  «жас проджект» жобасына өз жоспарын ұсынып, құжаттарын өткізді. Сабақты ине сәтімен болды. Шағын наубайхана ашуға Үкіметтен қаражат алып, пеш пен қалыптар сатып алды. Бүгінде бүтін ауылды ыстық нанмен қамтып қана қоймай , тұрмысы төмен 50 отбасыға тегін  таратады.

Қарлығаш Жаңабаева, жас кәсіпкер:

1000-ға дейін жеткізсек деп отырмыз. Үкіметтің қаражат бөлгеніне қуанамын. Енді екіншісі жартысын күтіп отырмын. Келешекте тәтті тоқаштар, тандыр нан пісірсем деген ниетім бар.

Қарлығаш  өзімен бірге ауылдағы үш азаматты еңбекке тартты. Олар «Қарлығаш өнімдерін» жан-жаққа таратады. Наубайханаға келе алмайтын зейнеткерлер мен көпбалалары аналарға буы бұрқыраған ыстық нанды дер кезінде жеткізіп береді. 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу