«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халықаралық аренада белсенді талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халықаралық аренада белсенді талқылануда

22.11.2018

Қазақстан Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халықаралық аренада да белсенді талқылануда. Кеше мақала ақпарат беттерінде жарияланғанда Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация Измирде түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына қатысты. Мәжілістің жалпы отырысын ашқан Нұрлан Нығматулин Елбасының ауқымды мақаласы халықаралық парламент депутаттары  арасында үлкен қызығушылық туғызғанын атап өтті.

 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

ТүркПА шараларына қатысқан бауырлас елдердің депутаттары, ғалымдар, сарапшылар өз сөздерінде ең алдымен, біздің Елбасымыздың мақаласына   назар аударды. Онда айтылған ұсыныстар  бабаларымыздан келе жатқан ұлттық мұраларымызды терең тануға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін, жаңа жігер беретінін ерекше атап өтті. Сондықтан, «Ұлы даланың жеті қыры» тек Қазақстанда ғана емес, бауырлас түркі елдерінде де ұрпақтарға жалғасатын тарихи  құжат болып қалатыны сөзсіз.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу