«Ұлы даланың жеті қыры»: ҚазАТУ студенттері флешмоб ұйымдастырды
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің белсенді жастары Елбасы мақаласына ерекше қолдау білдірді. Олар «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында флешмоб ұйымдастырды. Оқу ордасының студенттері Президенттің әр бастамасын, жаңашыл көзқарастарын назардан тыс қалдырған емес.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала жастарға ерекше серпін берері анық. Себебі, 2019 жылдың Жастар жылы екенін ескерсек, бұл жаңа мақала бойынша атқарылатын шараларға жастар көптеп тартылатынын сөзсіз. Шара кезінде домбыраның құлағында ойнаған ұлдар, бұрала билеген қыздар алаңды жандандырып жіберді.
Өмірбай Бекмағамбет, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы:
Көшпенділердің әлемдік өркениетке, оның ішінде, рухани мәдениетке қосқан үлесі сараланып айтылған. Соның бәрін жіктеп көрсеткен. Мақалада оны қазақ кеңістігінде ғана емес, әлемдік деңгейде насихаттау мәселесі көрсетілген.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы