Шараға 80-нен астам жас зерттеуші қатысып, ғалымдармен пікір алмасты. Басқосуда тарих пәнін заманауи ғылыми деректерге негіздеп оқытудың тиімділіктері айтылды. Бұл өз кезегінде оқушылар мен студенттердің дәлелді жазбалардан білімін толықтыруына мүмкіндік бермек. Слетке келген тарихшылар «өлкенің өткені мен бүгінін саралауда әлі де терең зерттеулер керек», дейді. Өйткені, мұрағаттарда шаң басқан құжаттар жетерлік.
Серікболсын Беріков, тарихшы:
- Жалпы, Қазақ елі Тәуелсіздік алғанға дейін басынан 200-ден астам ұлт-азаттық көтерілістерді өткізген. Сол кездері әр өңірлерден елдің сөзін сөйлеп, намысын көтеретін батырларымыз шыққан. Солардың барлығы тереңнен насихатталуы керек деп ойлаймын.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.