Енді әлемнің 27 елінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталықтары бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді әлемнің 27 елінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталықтары бар

22.11.2018

Соңғы екеуі халықаралық форум аясында Корея мен Германияда ашылды. Бұл жөнінде Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында белгілі болды. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты шара төңірегінде арнайы делегация бірнеше елге барып, жергілікті зиялы қауыммен кездесті. Өзара әріптестік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қазақстандық ақын-жазушылар кітаптарының тұсаукесерін ұйымдастырды. Бұған дейін Сеул, Лондон және Берлинде өткен форум Нью-Йоркте қорытындыланады.

Несіпбек Айтов, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:

- Біздің бір топ делегация Лондонда, Берлинде, ал, біз Сеулде болдық. Осы сапарлардың өзінде елімізге деген көзқарастың, пікірлердің өте жоғары екендігін көріп қайттық. Бұл шара жалғаса беруі керек. Қажет нәрсе.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу