Қазақ даласы күллі адамзаттың өміріне елеулі әсер еткен оқиғаларға куә. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті - Ұлы даладан тараған, деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген бастамаларды зиялы қауым өкілдері ғылыми дәйектермен толықтыратын уақыт жеткендігін айтты. Олардың пікірінше, маңызды мақаланың ерекшелігі - алдымен адамзаттың тарихына, соның ішінде төл тарихымызға деген жаңа тәуелсіз көзқарас. Ежелден ат баптаған қазақтар жаһандық мәдениетті дамытуға үлес қосқан. Тіпті, мұны ежелгі сақ, ғұн дәуірінен бері келе жатқандығын зерттеген батыс тарихшылары да мойындады.
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымдарының докторы, жазушы:
- Атқа мінудің мәдениеті, әбзелдері осы қазақ даласында пайда болғанын Еуропа ғалымдары да жазған. Мысалы, иықты киім осы атқа байланысты шыққан деп айтады. Ал, оны ертедегі римляндар, гректер «тога» дейді.
Әсем ҚАБЫЛБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
