Атырауда бұрын істі болғандар қайта қылмыс жасауды азайтпай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда бұрын істі болғандар қайта қылмыс жасауды азайтпай тұр

22.11.2018

Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Осыған орай, құқық қорғаушылар бақылауды күйшейтті. Олар бұрын сотталған азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, профилактикалық сұхбат жүргізді. Тексеріс барысында сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробациялық мекенжайында болмаған тұрғындарға қатысты хаттама толтырылды. Пробация қызметі бөлімінде қазір 1100-ге жуық адам есепте тұр. 

Абай Қадіров, облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің басшылық ету бөлімшесінің бастығы:

- Іс-шара нәтижесінде пробациялық бақылау тәртібін бұзған 10 тұлғаға қатысты жинақталған құжаттар сот органына тиісті шешім қабылдау ұсыну арқылы жолданды.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу