Сот саласына арналған «Әділет алаңы» атты телевизиялық жаңа туындының тұсаукесері өтті
Бейне қолжетімді емес
Оқиға желісі судьялардың жүргізген ісі негізінде түсірілген. Шытырманға толы. Әр бөлімі 25 минуттан тұрады. 12 сериялы картина. Актерлер шынайы көріну үшін қылмыстық кодексті жаттаған. Телехикая арқылы қазы деген кім және оның қызметі қаншалықты ауыр әрі жауапты екендігі жеңіл көрсетіледі. Үкім кесу немесе шешім шығару болсын судьяға оңай емес. Себебі, оның артында адамның тағдыры тұр. Сондай-ақ, хикая барысында ізгілік, заң мен әділеттілік ұғымдары баяндалады.
Нұрсерік Шәріпов, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы:
- Осы жоба арқылы біз халыққа тек қана құқықтық мәдениетті насихаттау емес, сотқа деген сенімді арттыруды көздеп отырмыз. Сериал жалпы, судья қандай болуы керек, тұлғасы қандай болуы керек, елдің сенімін қалай иелену керек деген сұрақтарға жауап береді деп ойлаймын.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы