Басты Жаңалықтар Елбасы мақаласында Алматының символына айналған алмаға тоқталғандығының астарында маңыз бар

Елбасы мақаласында Алматының символына айналған алмаға тоқталғандығының астарында маңыз бар

Алып Алатаудың баурайындағы Алматының атауы алмамен байланысты екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Сондықтан, Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында халқымыздың тарихына терең бойлау керек екендігін меңзеген. «Ал, бұл мақалада көтерілген тақырыптардың әрқайысысының орны бөлек», дейді беделді ғалымдар.

Нұрлан Асқарұлы, тілші:

Елбасы мақаласында Алматының символына айналған алмаға тоқталғандығының астарында маңыз бар. Апортты сақтап қалуға күш жұмсап жүрген экономист Атамұрат Шәменнің ойы осындай. Себебі, алманың құлжасы - апортты өсіріп, өнім алу үшін 12 жыл уақыт керек екен. Сондықтан, оны ерекше қамқорлыққа алып, өсірудің ұзақ жылдық бағдарламасын түзуді күн тәртібіне енгізу қажет.  

Атамұрат Шәмен, Экономика ғылымдарының докторы:

-Қазақстан - алманың отаны екені рас. Бірақ, енді осының төңірегінде осы алманы сақтау, осы алманы көбейту мәселесі өте маңызды болып тұр. Бұл мәселе - көпшіліктің араласатын мәселесі Көпшілік өзі соны қолға алу керек. Соны бақылау керек. Керек десеңіз, соны орындауға өзі үлесін қосу керек.  

Алмамен қатар, Алматының көркін кіргізетін кәдімгі қызғалдақ гүлі. Өйткені, ірі мегаполисте бұл өсімдіктің 35 түрі егіледі. 40 жыл өмірін гүл өсіруге арнаған Гүлзада Әлиханқызы оны күтіп-баптаудың қыр-сырын терең меңгерген. Сондықтан, осы саладағы мол тәжірибесін бүгінгі буынға үйретіп жүр. 

Гүлзада Қалдыбаева, гүл өсіруші маман: 

- Негізінде қызғалдақтар отаны - біздің Қазақстан. Бүкіл дүние жүзі Нидерланд деп айтады. Бірақ, негізгі отаны - Қазақстан XV-XVI ғасырлар кезінде Осман империясы Жібек жолы арқылы біздің тауда өсетін қызғалдақтарды өздеріне апарып, мәдениетті түрде көбейте бастады. Содан XVII-XVIII ғасырдың басында Нидерланд халқы көбейте бастады бұл өсімдікті. Оларда үлкен бизнеске айналды.  

Жалпы, қызғалдақтың табиғи жолмен өсіп бүр жаруы үшін 60 жыл керек. Бұл - бір адамның өмірі. Осы себепті мамандар ғылыми ізденіс нәтижесінде, бір жыл ішінде гүл ашатын қызғалдақтың жаңа сұрпын дайындаған. Сондықтан, олар қыр қызғалдағының қала көркін ашатын күні алыс емес, деп отыр. Тіпті, осы гүл мен алма өсіру ісін біріздендірсе, туризмді түлетіп, ұлттық брендке айналдыруға болады.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу