Атырауда 1000 тұрғынның жер теліміндегі кезегі жойылып кетті деген ақпарат жалған болып шықты
Қалалық жер қатынастары бөліміндегілердің айтуынша, 2009 жылы «Балықшы» шағын ауданының әкімдік ғимараты өртеніп, көптеген іс қағаздары мен құжаттар жанып кеткен. Осыдан соң тіркеу журналы табылмаған. Ал, әкімдік 2008 жылы тіркелген 615 адамның ішінде 229-ының тізімі ғана жоғалғанын айтып отыр. Бүгінде, орын алған келеңсіздікке орай, арнайы комиссия құрылып, құжаттарды түгендеп жатыр. Олар: «алдағы екі айда тізімді толық қалпына келтіреміз», дейді. Жалпы, шаһар бойынша 87 мың адам жер телімінде кезекте тұр.
Наурызбек Құмаров, Атырау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
- Егер 229 өтініш иелері өздерін БАҚ бетінен көретін болса, ЖСН нөмірлерімен Қалалық жер қатынастары бөліміне келіп өздерін таныстыруын сұраймыз. Біздер соларды зерттеп, қайта электронды кезекке өздерінің берген уақыты бойынша, яғни 2008 жылмен қайта қалпына келтіретін боламыз.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы