Жол бойындағы шұңқырға көлігін зақымдап алған ақтөбелік сотта жеңіп шықты
Енді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Сергей Мунтянға 625 мың теңге төлеуі тиіс. Дегенмен, әкімшілік тарапы «Көктемде жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, сондықтан, көлік жүргізушілері өздері сақ болуы керек дегенді алға тартып, сот шешімімен келіспей отыр. Енді аппеляциялық шағым түсірмек.
Сергей Мунтян, қала тұрғыны:
- Сот процесі аяқталды. Бірақ, жауапкердің шағым түсіретін мерзімі бар. Қалай болғанда да сот шешіміне ризамын. Ол оқиға түн мезгілінде болды. Мен бірден Жол инспекторларын шақырдым. Оған дейін жүргізушінің құқығы туралы көп оқып білген едім. Басқа тұрғындар да осылай әрекет ете берсе, жол сапасы жақсарар ма еді деп ойлаймын.
Жақсылық КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы