Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы 20-ға жуық арнайы жоба әзірледі. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бүгін Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысында таныстырылды.
Жоба 2019 жылы өтетін «Жастар жылына» қатысты. Бұл орайда, «Жаңғыру жолы» деп аталатын республикалық жастар қозғалысының арнайы жол картасы әзірленбек. Ауқымды шара әлеуметтік проблемаларды шешуге, барлық санаттағы жастарды қолдауға бағытталған. Ассамблеяның барлық қоғамдық құрылымдарында жастардың басқарушылық корпустары бар. Оның құрамына 250 адам кіреді. «Жастар жылын» лайықты өткізуге және шараларды ұйымдастыруға солар атсалысады. Кеңес отырысында Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасы да қаралды.
Нәзипа Шанай, ҚХА Хатшылығының меңгерушісі:
- Негізгі бағытты тағы да ауылға арнап отырмыз. Ауылшаруашылық институттары бар, меморандумға қол қойылды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.