Мемлекеттік хатшы Албания Сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Албания Сыртқы істер министрін қабылдады

20.11.2018

Албанияның Еуропа істері және Сыртқы істер министрі Дитмир Бушатиді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қабылдады. Кездесу кезінде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың жай-күйі сөз болды. Тараптар арасында қандай да бір саяси немесе өзге сипаттағы келіспеушіліктер жоқ екендігіне тоқталды. Мемлекеттік хатшы Албан делегациясын «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында қарым-қатынас орнатуға шақырды. Елімізге ресми сапармен келген албаниялық әріптесімен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік тасымалы секілді салаларда серіктестікті тереңдете түсуге уағдаласты. Сондай-ақ, екі елдің сыртқы сауда палаталары арасында ынтымақтастық туралы келісім бекіді.  

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Екі мемлекет арасындағы қатынастардың тарихындағы СІМ алғашқы сапары болып табылады.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу