Түркістан облысында отбасылық тұрмыста құқықбұзушылық фактілері 280 пайызға көбейіп кеткен
Түркістан облысында облысында отбасылық тұрмыста құқық бұзушылық фактілері 280 пайызға көбейіп кеткен. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысында айтылды. Бүгінде ұйым жұмысының бірі де осы – отбасылық құндылықтарды насихаттау. Осы мақсатта өңірге арнайы психолог мамандар барып, 900-дей адамға әлеуметтік бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Отырыс соңында Мемлекеттік хатшы мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
Айта кетейік, Әйелдер істері жөніндегі комиссияның көмегімен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында елімізде соңғы 10 айда 23 әйел 800 миллион көлемінде Үкіметтен субсидия алды.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссия төрағасының орынбасары:
- Ұлттық комиссия дәстүрлі түрде көптеген шараларды жүргізеді. Алдағы жылда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға байланысты Қытай кәсіпкерлерімен Хоргоста әйелдер форумын өткізу, ауыл әйелдерінің форумын өткізу, әкелер форумын өткізу және жалпы, Қазақстандағы отбасы, әйелдің, баланың жағдайына байланысты проблемалық мәселелерді де ашық талқылауға өз үлесін қосатын болады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы