БҚО-да кәсіпкерлерге арналған тиімді жоба қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да кәсіпкерлерге арналған тиімді жоба қолға алынды

16.11.2018

Инвестициялау үрдісі ашық әрі таза болуы тиіс. Осы мақсатты көздеген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті  «Protecting Business and Investments» жобасын қолға алды. Мемлекеттік ұйым кәсіпкерлерге қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға атсалысады. Әкімшілік кедергілерге тап болған бизнес иелеріне көмектеседі. Осы мақсатта өңірде құны 810 млрд. теңге болатын 6 инвестициялық жоба бойынша келісімге қол қойылды.

Болат Исақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің басшысы:

- Кәсіпкерлер үшін жоба ешқандай шығынды талап етпейді. Ең бастысы, бизнес өкілдері сыбайлас жемқорлыққа бармауы тиіс. Басқа шаруаны біз қолға аламыз. Бүгін аралап көрген екі кәсіпорынмен де келісімге қол қойдық.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу