Басты Жаңалықтар Астанада ауылшаруашылық саласына қажетті жаңа ұшақ таныстырылды

Астанада ауылшаруашылық саласына қажетті жаңа ұшақ таныстырылды

Татарстаннан келген мамандар қазақстандық әріптестеріне заманауи әуе көлігінің артықшылықтарын айтты. Ұшақ өте кішкентай, сәйкесінше, жанар-жағармай да аз жұмсалады. Алайда, шағын болғанына қарамастан пайдасы көп. Дәнді дақылдарды тонналап тасиды, әрі жер тыңайтуда да ұзақ қызмет ете береді. «Шегірткемен күресте таптырмайтын құрал», - дейді мамандар. 

Денис Валеев, Татарстан Республикасының Қазақстандағы өкілетті өкілі:

- Бірде-бір трактор мұндай жылдамдықпен жұмыс атқара алмайды. Тағы бір ерекшелігі - қауіпсіздігі жоғары. Апатты жағдай кезінде парашютті жүйе іске қосылады. Яғни, пилот ішінде отырып-ақ, қауіпсіз жағдайда жерге қонуға мүмкіндік бар.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу