Тариф төңірегіндегі түйткілдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тариф төңірегіндегі түйткілдер

15.11.2018

Еліміздегі монополистердің тарифті бекіту бағасы көңіл көншітпей отыр. Ол жөнінде Елбасы да кезекті қоғамдық кеңесте айтып, жауаптылардың салғырт жұмысын қатаң сынға алған болатын. Жағдайды жақсартудың жолдары энергетиктердің бүгінгі форумында қаралды. Салаға серпіліс беру үшін ең алдымен тарифтерді есептеу әдістемесін өзгерту қажет. Сондай-ақ, тарифті құрылымдау тетіктерін жетілдіріп, энергия өндіруші және таратушы ұйымдарды ірілендіру керек. Осылай деген мамандар монополистердің қызметін айқындайтын заңнамалық актілерге толықтырулар қажет екендігін айтты. 

Жомарт Көшербаев, Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы:

- Энергия өндіру секторы үшін тарифтерді есептеу әдістемесі жылдың соңында алынған кірісті тарифті төмендетуге, ал, шығынды келесі кезеңде қайтаруды көздейді. Осылайша, дәл осы әдістеме кіріс алу мақсатында кәсіпорын қызметін ұйымдастыруды көздейтін кәсіпкерліктің негізгі принциптерін бұзады. Бәсекелестік принципінің өзі де бұзылып отыр. Сондықтан, қазіргі уақытта бөлшек нарықта бизнесті тарту үшін қолайлы орта құру қиын.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу