Қызметте қаза болған ақтөбелік полицейдің жары қылмыс әлемі туралы кітап жазды
Қызметте жүріп қаза болған ақтөбелік полицейдің жары қылмыс әлемі туралы кітап жазып шығарды. Марина Нұрымжанованың «Дархан даламның арландары» атты кітабына елді шулатқан қылмыстық істер, полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы естеліктер жинақталған.
Автор туындысын қылмыстық тергеудің 100 жылдығына орай Хромтау қаласында өткен шарада таныстырды. Кездесуге жас тәртіп сақшылары мен аудан орталығындағы тау-кен колледжінің оқушылары да қатысты. Шара барысында 2002 жылы қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция майоры Абат Нұрымжановтың жұбайы Марина Нұрымжановаға «Офицердің жұбайы» төсбелгісі тағылды. Бұл осы санаттағы облыс бойынша беріліп отырған алғашқы медаль. Ал, екінші медаль Хромтау ауданы Ішкі істер бөлімінде 20 жылдан астам еңбек еткен ардагер, полиция майоры Қанат Құрмановтың жары Людмила Құрмановаға берілді.
Марина Нұрымжанова, кітап авторы:
- Біз әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлеріне көп сын айтылып жататынын байқаймыз. Алайда, біздің құқық қорғаушылар 24 сағат бойы ел тыныштығын күзетеді. Олардың жұмысының қиындығын ұмытпауымыз керек. Мен бұл кітабымда полиция қызметінің маңыздылығын көрсетуге тырыстым.
Жақсылық КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы