Мәжіліс депутаты зейнетақы қорындағы ақшаның күмәнді банктерге салынатынына алаңдаушылық білдірді
Ұлттық банк зейнетақы активтерінің бөлігін күмән тудыратын компанияға берген. Осылай деген Мәжіліс депутаты Шәкір Хахазов Данияр Ақышевтің атына сауал жолдады. Оның мәліметінше, жинақтаушы зейнетақы қорының 200 млн. доллары Лондондағы Aviva Investors компаниясына басқаруға берілген. Ал, бұл компанияның былығы көп екенін ашық ақпарат көздерінен-ақ байқауға болады.
Шәкір Хахазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2014 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын Әзірбайжанның халықаралық банкіне инвестициялауға қатысты мәселе қоғамда қызу талқыланып, үлкен резонанс тудырғаны белгілі. Бұл оқиға Ұлттық банктің басшылығына сабақ болуы тиіс еді. Қазақстандықтардың зейнетақы активтері құнсызданса, кім жауапкершілікке тартылады?
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы