Павлодар облысының шалғай ауылдарындағы тұрғындар Абай Құнанбаев шығармаларымен жіті танысатын болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақта «Ауылға Абай келді» жобасы қолға алынды. Ертіс-Баян өңіріне танымал абайтанушы, сахнада ұлы ақынның рөлін талай ойнаған Даниял Әсенов шағын спектакль жазып, оны көрерменге ұсынуда. Туынды авторы Абай шығармаларын жатқа айтумен қатар, облыстағы ауыз әдебиеті үлгілерін насихаттаушы жалғыз жыршы.
Даниял Әсенов, абайтанушы, жыршы:
- Түркияда, Омбыда болдым. Сондағы біздің қандастарымыз аңсап отырады. Шіркін-ай, қазақтың бұрынғы дастандары, Абайдың сөздері, Шәкірімнің сөздерін естісек деп аңсап отырады.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.