Алматыда «Орталық Азияда білім беру арқылы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу» семинары өтті
Алматыда «Орталық Азияда білім беру арқылы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Оған ЮНЕСКО штаб-пәтерінің Бангкок, Алматы және Ташкент кеңселерінің білім беру саласы мамандары және БҰҰ-ның халықаралық мекемелері мен агенттіктерінің сарапшылары қатысты. Әлемнің әр қиырынан келген мамандар Орта Азиядағы әлеуметтік мәселелер мен түрлі қайшылықтарды білім беру арқылы кешенді реттеудің өзектілігін айтты. Өйткені, семинар халықаралық ұйымдардың шеңберінде «Құқық үстемдігі принципін қолдаудағы жаһан азаматтығы рухында білім беру» контекстінде ұйымдастырылған. Дегенмен, сарапшылар «бұл бастама дәстүрлі наным-сенім және ежелгі тарихпен сабақтасып жатуы қажет», деп есептейді.
Сәуле Жанатқызы, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы білім беру бойынша сарапшысы:
- Жастарға тарих жағынан дұрыс көзқарас қалыптастыра аламыз. Сонымен бірге жастар сыни тұрғыдан ойлап, мәселені тереңірек зерттесе дейміз.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы