Шығыс Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер белгіленген уақыттан артық жұмыс істеп келген
Тәртіп бұзушылық арнайы рейд кезінде анықталды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мұндай тексерулерді былтырдан бері өткізеді. 5 мың адамға сауалнама жасап, олардан ел жатқанша еңбек етудің негізгі себептерін де білуге тырысқан. Көп жағдайда басшылар мемлекеттік қызметкердің уақытымен санаспайды. Бұдан бөлек, фунционалдық міндеттердің дұрыс бөлінбеуі де адамдарды артық жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Жыл басынан бері облыста 69 рейд ұйымдастырылған. Нәтижесінде, бірқатар мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытынан тыс еңбек еткендері анықталды. 5 адамға қосымша ақы төлеу немесе демалыс күнін беру туралы шешім қабылданған.
Жанна Қабдолдақызы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысы:
- Сауалнамада әртүрлі себептерді көрсетеді. Жұмыстың аяғында жоғарыда тұрған органнан тапсырма келеді. Ол тапсырманы орындауға өте аз уақыт береді. Мысалы, тапсырмалар «шұғыл», «өте шұғыл», «аса шұғыл» деп келеді. Немесе, басшы жиналыста отырады, көбінесі оны тосып отырады. Өйткені, басшы жиналыстан келгеннен кейін қандай да бір тапсырма береді.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы