Алматыда жылдың ең үздік психологы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жылдың ең үздік психологы анықталды

14.11.2018

Алматыда «Ең үздік жыл психологы» байқауының жеңімпаздары анықталды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған шара төрт кезең бойынша өрбіді. Оған жыл басынан бері шалғай елді мекендердегі білім орнындағы психолог мамандар әуелі аудандық, содан кейін облыстық іріктеулерден өткен. Сондықтан, республикалық жарысқа өңірлердегі ең мықты психологтар келді. Жалпы, ірі мегаполистер мен орталықтан алыс орналасқан ауылдарда психолог тапшы. 400 балаға бір психолог керек болса, кейбір мектептерде 800 баланың жан дүниесіндегі өзгерістерге бір-ақ маман жауапты. Мектепте бала саны шамадан тыс көп болғандықтан, олар әр баламен жұмыс істеп үлгермейді.

Гүлжан Досалықызы, педагог-психолог:

- Әр баланың бойындағы талантын, дарынын аша білуміз керек деп ойлаймын. Бір бала музыкаға, бір бала спортқа, өнерге жақын болады. Мысалы, мектеп оқушысының есепке бейімі болмаса, оның басқа қырынанда қабілеті болу мүмкін.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу