Атырауда балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

14.11.2018

Өндірілген өнімнің 85 пайызы шетел нарығына экспортталады. Жергілікті шаруалар бұл межемен тоқтамақ емес. Елбасы Жолдауда алдағы үш жылда өңдеу өнеркәсібі мен дайын өнім экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдау үшін 500 млрд. теңге қаржы бөлуді Үкіметке тапсырды. Бұл елдегі шағын және орта бизнеске тың серпін берері сөзсіз.

Балығы тайдай тулаған Қиғаш жағалауында 7 кооператив бар. Солардың бірі «Каспий балық» шаруашылығы. Жылына 2 тонна су маржандарын аулайтын мекемеде 500-ден астам жұмысшы бар. 

Бибігүл Байғазиева, балық цехының жұмысшысы:

- Уақытында жалақы алып тұрмыз. Жұмысым ұнайды.

Сапасы жақсы болған соң, сұраныс та жыл сайын артып отыр. Өнімнің 80 пайызы шетел нарығына жөнелтіледі. 

Өңірде жыл сайын 12 мың тонна балық ауланады. Өнім әлемнің 10 еліне экспортталады. Енді  Қытайға да Атырауда жасалған балық өнімдері тасымалданбақ.

Нарық кеңейген соң шаруашылық өндіріс ауқымын ұлғайтуды көздеп отыр. Ол үшін жеңілдетілген несие алмақ. 

Жұмажан Шакупов, балық кооперативінің төрағасы:

- Елбасы соңғы Жолдауында өндірістік кооперативпен айналысатын, экспортқа шығаратын өнімдерге назар аударды. Төменгі мөлшерде кредит алатын болсақ, үлкен қайықтар мен моторлар сатып алып, тағы да өнімімізді молайтар едік.

Шағын және орта бизнес-экономиканың негізігі тірегі. Сондықтан, Президент басым жобаларға  жеңілдетілген несие беруді жүктеді. Ол үшін Ұлттық банкке 600 млрд. теңге қаржы бөлінбек.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу