Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаға қатысты түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаға қатысты түсініктеме берді

14.11.2018

Оны Президенттің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Бас прокурор 215 миллион теңге көлемінде қазына қаржысын қымқыруға қатысы бар деп айыптаған болатын. Министрдің сөзінше, Анатолий Шкарупа министрлікте электрэнергетика саласына жауапты және тарифтерді талдап, оны төмендету саласындағы білікті маман. Алайда, аталған жайттан кейін оның Энергетика министрлігіндегі тағдыры шешілуде. Ол вице-министр қызметінен өз еркімен кеткісі келетіндігін немесе бұл қызметті тоқтату туралы ниетін жеткізген. Бірақ, нақты шешім әзірге қабылданбаған. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Ол бұрын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2015 жылы есептеуіш орнату мәселесіне қатысы болған дейді. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу