Астанаға газ тартудың жобасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға газ тартудың жобасы әзірленді

02.03.2017
Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

Елордалықтар үйлерін газбен жылытатын күн алыс емес. «КазТрансГаз» компаниясы Астананы көгілдір отынмен қамтудың жобасын әзірледі. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

Жобаға сай Елордаға газды сыр өңірінен тарту көзделіп отыр. Қызылорданың көгілдір отыны Астанаға Жезқазған мен Қарағанды арқылы жеткізілмек. Құбырдың соңғы нүктесі Көкшетау қаласы болады.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу