Газ бағасына қатысты Энергетика министрі түсініктеме берді
Газ бағасына қатысты Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев түсініктеме берді. Сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны туралы мәлімет Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Қазір Маңғыстау облысындағы тұтынушыларды қолдау үшін сұйытылған газдың тоннасы 38 мың теңге деңгейінде белгіленді. Яғни экспорт бағасынан 5-6 есе төмен. Ал «Қазақ газ өңдеу зауытында» көгілдір отынның өзіндік құны тоннасына, шамамен, 100 мың теңгені құрайды. Ал тұтыну көлемі жыл санап артып келеді.
Елімізде газбен жүретін автокөліктердің үлесі 70-90 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстарғанда екі есе көп. Бұл сұранысты қамтуға өндіріс орындарының шамасы жетер емес.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:
2020 жылы ішкі нарықтың қажеттілігін қамту үшін 1,4 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. 2021 жылы ішкі нарықтағы тұтыну 1,6 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте газ өндірісі өсіп жатқан жоқ. Ал тозығы жеткен зауыттардың жиі жөнделуі жалпы өндірістің төмендеуіне әкеп соғуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qurban.muftyat.kz сайты іске қосылды
14.05.2026, 13:27
Жетісу облысында 4 шақырым жерді тазалады
14.05.2026, 13:21
АҚШ-тың блокадасынан Кубада отын таусылды
14.05.2026, 13:18
Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер өтіп жатыр
14.05.2026, 13:15
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
14.05.2026, 13:12
Жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2 есе артты
14.05.2026, 13:09
Сенат жаңа ордендерді мақұлдады
14.05.2026, 13:06
Түркі өркениетіне ортақ тұлғаларды насихаттау аса маңызды
14.05.2026, 13:03