Мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

14.08.2019

Президент бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев  министрлік жұмысының жеті айдағы қорытындысы туралы ақпаратты тыңдады. Атап айтсақ, Қанат Бозымбаев Президентке жанармай нарығындағы жағдай мен мұнай өңдеу зауыттарының жай-күйі және энергетика саласына тартылатын инвестициялардың оң қарқыны туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы саланың дамуына оң баға беріп, жұмысты ары қарай жандандыруға қатысты тапсырмалар жүктеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу