Алматылық автокөлік жүргізушілері енді айыппұлды автотұрақтың өзінде төлей алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық автокөлік жүргізушілері енді айыппұлды автотұрақтың өзінде төлей алады

13.11.2018

Алматылық автокөлік жүргізушілері енді әкімшілік құқықбұзушылық бойынша салынған айыппұлды автотұрақтың өзінде төлей алады. Ол үшін жүргізуші куәлігі болса, жеткілікті.

Пилоттық жобаны жергілікті және әкімшілік полиция мен қалалық құтқару қызметтері бірлесіп, іске асырады. Бұрын жүргізушілер көліктерін айып тұрағынан әкету үшін аудандық полиция бөліміне барып, құжаттарын рәсімдегенше екі ортада уақыт жоғалтатын. Ал, жаңа жүйеге сай, айып тұрағындағы инспектор ортақ базадан заң бұзғандарға тиесілі айыппұл мөлшерін анықтайды. Сол жердегі терминал арқылы тиісті сома төленген соң көлікті иесіне лезде қайтарады. Осылайша, айыппұл төлеу кезінде кездесетін қиындықтар азайып, қағазбастылық жойылмақшы. Мәселен, қазір «Көкжиек» шағын ауданындағы айыптұрағында 600-ден астам машина қаңтарылып тұр. Мұнда тәулігіне жол ережесін бұзған 5 көлік жеткізіледі.

Асхат Топпашев, Жол-патруль полициясының V рота командирі, полиция майоры:

- Байтұрсынов көшесіндегі 185 қалалық Жол полиция бөліміне не болмаса аудандық Жол полиция бөлімдеріне барып, жүргізушілер әкімшілік құқық бұзған бойынша айыппұлдарын төлеп, сол жерден арнайы қағаз алып, содан кейін арнайы тұрақтан көліктерін шығарып алатын.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу