Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстан облысында бүгін ауа райы 34 градусқа дейін төмендеді

Шығыс Қазақстан облысында бүгін ауа райы 34 градусқа дейін төмендеді

Қатты аяз болғандықтан, бірқатар ауданда сабақ тоқтады. Өткен түнде Алтай ауданында сынап бағанасы - 34, Көкпекті ауданында - 27 градусқа дейін төмендеген. 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін оқушылар мектепке барған жоқ. Сонымен қатар, Риддер қаласында өткен түнде сынап бағанасы – 24 градустан төмен болған. Шағын шаһарда да бастауыш сыныптар үшін сабақ тоқтады. Синоптиктердің хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда алдағы 2 күн бойы суық болады. 

Динара Жиымбаева, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалдың инженер-синоптигі:

- Облыс аумағында ауа температурасының төмендеуіне Ресейдің солтүстік аймағынан келген антициклон әсер етті. Алдағы 2 күнде Шығыс Қазақстанның басым бөлігінде 23-28 градус аяз болады. Кейбір жерлерде 13-18 градус аяз болады.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу