Басты Жаңалықтар Елімізде 2015 жылдан бері өрттен 1,5 мыңға жуық адам қаза тапқан

Елімізде 2015 жылдан бері өрттен 1,5 мыңға жуық адам қаза тапқан

Елімізде 2015 жылдан бері өрттен 1,5 мыңға жуық адам қаза тапты. 3 мыңнан астамы жарақат алды.  Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ішкі істер министрі айтты. Тікелей өрттен келген материалдық залал 12 млрд. теңге. Ең көп өрт саны Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында тіркелген. Қазір орман және дала массивтерінің өрт қауіпсіздігі проблемасы маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Орман шаруашылығы мекемелерінің және жергілікті атқарушы органдардың құзыретіндегі ормандарды өрттен қорғау деңгейі өте төмен деңгейде.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Құрылыс, тұрғын үй секторы және көлік салаларының мемлекеттік өртті бақылауға жатпайтыны заңнамамен айқындалған. Сонымен қатар, дәл осы салаларда өрт саны көбейген.

Ал, депутаттардың айтуынша, елімізде әрбір өрт сөндіруші баспанаға мұқтаж. Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметіне берілетін жалғыз өтемақы 2739 теңге. Министр болса, азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің жалақысы кемінде 10 пайызға өсетінін айтты. 

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу