Басты Жаңалықтар Қаңтардан бастап 10 мыңнан аса атыраулықтың жалақысы 1,5 есеге артады

Қаңтардан бастап 10 мыңнан аса атыраулықтың жалақысы 1,5 есеге артады

Еліміздің жалпы ішкі өнімдегі Атырау өңірінің үлесі 14 пайыздан асады. Бизнесте де өңір белсенді. Биылғы тоғыз айда 9,4 млрд. теңгенің 6 жобасы іске асырылған. Оның төртеуі қазірде пайдалануға берілген. Бұл - облыстың экономикалық жағдайының бір қыры. Ал, әлеуметтік мәселелер қалай шешіліп жатыр? Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасы Жолдауында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды орындау барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. 

Қаңтардан бастап 10500-ге жуық атыраулықтың жалақысы 1,5 есеге артады. Демек, 42 мың теңгеге өсім. Мұндай кесімді Елбасы жуырдағы Жолдауында жариялады. Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың да қамы қарастырылып жатыр.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

- Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 26494 жұмыс орны ашылды. Соның 61 пайызы тұрақты жұмыс орындары. Мамандығы болмаса, мамандық беру жөнінде, мамандығы болып, жұмыс таба алмай жүрсе, онда қосымша маман атануға мемлекет тарапынан қаржылай, әкімшілік көмектер көрсетіліп отыр. Соның нәтижесінде осындай көрсеткіштерге жетіп отырмыз.

«Үйі жоқтың күйі жоқ». Бірақ, үйлі де, күйлі де болуға мүмкіндік бар. Тек өңір әкімдерінің үйлестіруі кемшін. Елбасы «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларын нұсқай отырып, солай деген еді. Сыннан кейін не өзгерді? Бүгінге дейін 131 өтінім қабылданған. Содан 62 үміткер 783 млн. тг. несиесін алды.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

- Құрылыс жұмыстарының көлемі де жүзде бір бүтін оннан екі пайызды құрап, 419 млрд. тг. құрады. Тұрғын үйді іске қосуда 11 пайызға артық болып, 553 мың шаршы метр үй іске қосылды.

Өңірде жыл соңына дейін 34 тұрғын үй құрылысы аяқталады. Пәтер саны 2200-ден асады. Ал, алдағы жылы 4400-дей пәтері бар 50 баспана салу жоспары тұр. Халық қоныстанған соң әлеуметтік нысандарға қажеттілік артады. Биыл мектебі мен бақшасы, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт ғимараттары сияқты 13 нысан қолданысқа өткен. Егер үлгеріп жатса, тағы жыл аяғына дейін 30 ғимараттың есігі айқара ашылмақ.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу