Семейде қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарды алдап келген әйел сотталды. Ол 2016 жылдың наурыз айында сыбайластарымен «Қаржы Инвест ЛТД» атты серіктестік құрған. Сөйтіп тұрғындарға «Несие рәсімдеп, 40-45 пайызын берсеңіз, банктегі қарызды түгел жабамыз» деп алдаған. Нәтижесінде 243 адам зардап шеккен.
Алаяқ 42 млн. теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан. Кінәлі деп танылған азаматшаға қатысты сот шешімі шығарылып, ол бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған балаларының бары ескеріліп, жаза жеңілдетілді.
Жанар Ысқақбаева, Семей қаласы №2сотының судьясы:
Азаматша Тахирова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес 7 жылға бас бостандығынан айырылады. Қылмыстық кодекстің 74 бабының 1-ші бөліміне сәйкес, тағылған айып бойынша жазаны өтеу уақыты 5 жылдан кейін іске асады.
Ержан ЖАҚЫП
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.