Басты Жаңалықтар Қазақстан-Ресей арасында талас болып келген 142 мың тонна техникалық мұнай «Қазтрансойлдың» меншігіне өтеді

Қазақстан-Ресей арасында талас болып келген 142 мың тонна техникалық мұнай «Қазтрансойлдың» меншігіне өтеді

Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қанат Бозымбаев айтты. Энергетика министрі қос ел арасындағы бірнеше магистральдық құбырлардағы мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын таныстырды. КСРО кезінде мұнай желісі бірыңғай жүйеде болған. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін құбырлар әр мемлекеттің аумақтық қағидаты бойынша бөлінді. Алайда, «Омбы-Павлодар» және «Тұймазы-Новосібір» бөлігіндегі технологиялық мұнайдың меншігі шешілмеген еді. Енді 27 жыл бойы талқыға түскен қара алтынды қазақстандық компания иемденеді. Ал, оны қай мақсатта пайдалану мәселесі әлі толық шешілмеген. 

Бекмырза Еламанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Дизель отынының қымбаттауы ауыл шаруашылығы саласына біраз қиындық тудырып жүргенін білесіз. Осыған байланысты мұнай көлемін жеңілдетілген бағамен осы салаға жұмсауға болмай ма?

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Егер қажеттілік болса, олармен келісімшартқа отырып, ауыл шаруашылығына жіберуге болатын шығар.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу