Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында 6 монополист компания тарифті тым көтеріп жіберген

Қарағанды облысында 6 монополист компания тарифті тым көтеріп жіберген

Облыстық прокуратура олардың 1 млрд. теңге көлемінде заңбұзушылыққа барғанын анықтап отыр. Қазір қадағалаушы орган әр гикакалория үшін «Қарағанды өңірлік энергетикалық компаниясы», «Жезқазған электржелісін таратушы компаниясы», «Қазақстан» фирмасы, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не қатысты тариф белгіледі. Тексерістен соң Қарағанды және Балқаш қалаларында жылумен қамтамасыз ету бойынша орташа баға 25 теңгеге дейін төмендетілген. «Қарағанды ЖылуСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтері үшін тарифті негізсіз қымбаттатқан. Тұрғындар электр энергиясының әр кВт/сағатына 14,27 теңгеден төлеп келсе, енді баға 14,12 теңгеге түсті.

Нұрсұлтан Қалдырбай, Қарағанды облыстық прокуратурасының ресми өкілі:

- Жалпы, прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде облыстың 462 мыңнан астам тұтынушыларының құқықтары қорғалды. Монополистер болса 42 млн. теңгеден астам көлемде әкімшілік айыппұлдар төледі.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу