Отандық тілшілер «Әскер медиа-2018» байқауында бақ сынады
Биыл «Әскер медиа-2018» байқауында отандық тілшілермен бірге Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына кіретін елдерден әріптестеріміз бақ сынады. Қорғаныс министрлігі 2-ші мәрте өткізген сайысқа 200-ге жуық журналистің 400-ден аса материалы түскен. Өткен жылмен салыстырар болсақ, екі есеге көп. Министр Нұрлан Ермекбаев «қазір Қарулы күштеріміздің қауқарын шетелдіктер де жақсы біледі», - дейді. Ол мұны сала мамандарының әскери тақырыпты жан-жақты талдап, әрі жалпыға түсінікті етіп жеткізуімен байланыстырды. Сондай-ақ, сарбаздардың да шыңдалуына ықпалы зор.
Акмал Мурадов, байқау жеңімпазы:
- «Арманға бастайтын жол» деген мақалам шықты. Онда әскери салаға қалай келгенім жайында жазған болатынмын. Ал, еңбегімнің бағасын осындай байқауларға қатысу арқылы, оқырмандардың ықыласынан білдім.
«Әскер медиа-2018» жақсы ұйымдастырылған. Себебі, армия – елдің тірегі. Алда шараға тағы қатысуға ниеттімін.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы