Бұл қайғылы оқиғаны құқық саласының қызметкерлері жіті тексеріп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл жерде жедел-жәрдем қызметкерлерінің де кінәсі болуы мүмкін. Себебі, қайтыс болған қыздың диагнозы жедел-жәрдем қызметіндегі бірінші категориялы шақыртуға жатады. Яғни, жеткіншек қыздың қызуы қатты көтеріліп, денесі тырыса бастаған. Мұндай жағдайда бірінші категориядағы көмек көрсетілу керек. Жедел-жәрдем 10 минуттың шамасында жетуі керек еді. Ал, қайғылы оқиға болған жерге көлік 40 минуттан аса уақытта бір-ақ барған.
Лаура Ахметниязова, Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
- Шақырту кезінде категория дұрыс анықталмаған. Негізі, бірінші категория болған. Екі жақтың әңгімесі түгел жазылады. Оны құзырлы мекелелер тексеріп жатыр. Егер диспетчердің кінәсі болса, ол жауапқа тартылады.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.