Атырауда тарифті негізсіз көтерген монополистердің әрекетіне тосқауыл қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тарифті негізсіз көтерген монополистердің әрекетіне тосқауыл қойылды

07.11.2018

Атырауда коммуналдық тарифтерді негізсіз көтерген монополистердің әрекетіне тосқауыл қойылды. Нақтырақ айтсақ, тұрғындарды электр энергиясымен қамтитын «Атырау Энергосату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120 млн. теңге шамасында заңсыз пайда көріп келген. Аймақ прокурорларының жүйелі тексерісінің нәтижесінде, тариф бағасы 5 теңге 31 тиыннан 4 теңге 51 тиынға түсірілді. Сот үкімімен 7 монополист мекеменің тарифтері негізсіз деп танылып,  57 мың тұрғын мен 900-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Сондай-ақ, Жылыой ауданы тұрғындары үшін су беру қызметінің құны 200-ден 149 теңгеге, жылумен қамту тарифі 2500 теңгеден 1870 теңгеге төмендетілді.

Қанат Қабдолов, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі:

- 4 мың кәсіпкер электр энергиясы үшін алдын ала төлем енгізу міндеттемесінен босатылды. Заңға сәйкес тұтынушы нақты тұтынған энергиясы үшін төлем жасау қажеттілігіне орай, монополисттің 100% алдын ала төлем жасау туралы талабы құқыққа қайшы деп танылды.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу