Өскеменде қылмыскерлерді анықтайтын бағдаршам орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде қылмыскерлерді анықтайтын бағдаршам орнатылды

07.11.2018

Өскеменде борышкерлер мен қылмыскерлерді анықтайтын «ақылды бағдаршам» пайда болды.  Жаяу жүргіншілерге арналған камерасы бар құрылғы Ішкі істер министрлігінің базасына қосылған.  Бұл жерде алименттен жалтарып жүргендердің, іздеуде жүрген барлық қылмыскерлердің тізімі бар. Жолдан өтіп бара жатқан адамды камера онлайн режимде орталық базадағы мәліметтермен салыстырып, лезде кім екенін анықтайды. Ерекше бағдаршам әзірге Өскеменнің орталық алаңы маңындағы жол қиылысына ғана қойылды. Бұл жерде полицияның стационар бекеті бар. «Ақылды техника» қылмыскерді тапса, ақпарат бірден патруль қызметіне түседі. 24 сағат бойы жұмыс істейтін құрылғының қараңғы түссе жанатын үш жарығы бар. Құқық қорғаушылардың айтуынша, жұмыс нәтижелі болса, мұндай бағдаршамдар қаланың өзге көшелеріне де орнатылады. 

Сергей Коваленко, Өскемен қалалық Полиция басқармасының бөлім басшысы

- Бағдаршам анықтаған ақпарат орталық алаңда орналасқан полиция пунктіне тұрақты модуль арқылы жеткізіледі. Бұл техниканы Ішкі істер басқармасының Жедел басқару ортылығына да қосуға болады. Қосымша Wi-FI сигналын күшейткішті, ауаның температурасын анықтайтын датчикті де орнатуға мүмкіндік бар.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу