Қостанайда 10 млн. теңге пара алмақ болды деген күдікпен Жол полициясы қызметкері ұсталды
Қостанайда пара алмақ болды деген күдікпен Жол полициясы қызметкері ұсталды. 25 жастағы инспектор кәсіпкер әйелден 10 млн. теңге беруін талап еткен. Оның жәбірленушіні бопсалауына не себеп болғаны туралы ресми мәлімет жоқ. Заңбұзушылық әрекет жайлы ақпарат түскен соң көп ұзамай инспекторды өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Алтынбек Сүйіншіәлинов, Қостанай облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы:
- Бұл баптың санкциясы бойынша ауыр қылмысқа жатады. Сондықтан, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бүгінгі таңда ол қызметкер қамауда отыр. Өзіндік қауіпсіздік қызметімен тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы