Батыс Қазақстан мен Самара облысының ынтымақтастығы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан мен Самара облысының ынтымақтастығы артады

06.11.2018

Шекаралық серіктестік аясында Батыс Қазақстан облысының делегациясы Ресейдің Самара губерниясына барды. Қос тарап Петропавл қаласында өтетін 15-ші өңіраралық форумның алдында кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Көрші өңірлердің ауыл шаруашылығы, туризм, өндіріс салаларында берік байланыс орныққан. Тауар айналымы 400 млн. евроға жеткен. Кездесу барысында Самарада қазақстандық өнімдер сатылатын сауда үйі ашылатын болды. Асылтұқымды жылқы шаруашылығы, балалар туризмі саласында серіктестік нығаяды. Сондай-ақ, екі өңірді жалғайтын шекаралық «Сырым» өткізу бекеті 8 жолақты етіп қайта салынады.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- 2017 жылы тек біздің өңірдің Еуразиялық экономикалық одақпен тауар айналымы 650 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш биылғы 9 айда 15 пайызға өскен. Осы орайда, самаралық кәсіпкерлермен әріптестігіміздің орны бөлек. Сұраныс бар, ұсыныс та соған сай.

Дмитрий Азаров, Самара облысының губернаторы:

- Самара облысы мен Қазақстан өңірлерінің тауар айналымы 418 млн. еуроға жетті. Ал, биылғы жарты жылда 200 млн-ға дейін өсті. Әлеуетіміз бұдан да зор.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу