Адам өлімімен аяқталған Шудағы шойын жол апатының себебі анықталды. Рельс уақытылы жөнделмегендіктен, қисайып кеткен. Тергеу қорытындысын жариялаған Бас көлік прокуратурасы апатқа 3 адамды кінәлі деп тапты. Пойыз жол бағытына жауапты «Шу шойын жол қашықтығы» бекеті бастығының орынбасары мен №2 учаске бастығы және оның орынбасарына айып тағылып отыр. Қылмыстық іске қатысты 700-ден астам адам сұралған. Іс Шу аудандық сотына жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, 17 маусымда Жамбыл облысында «Астана-Алматы» бағытындағы «Бәйтерек» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, жасөспірім қайтыс болды. 3 адам жарақат алды.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.