Семейде барлық әлемдік стандарттарға сай келетін туристік автобустар шығарылады. Еліміз бен көршілес мемлекеттерде саяхатшыларға арналған автобустарға сұраныс жоғары. Сондықтан, кәсіпорын жолаушы тасымалдайтын техниканы экспорттау үшін де арнайы сертификатқа ие болған. Енді өндіріске енгізу бойынша соңғы келісімдер жүргізіліп жатыр. Сәтін салса, жаңа жылдан соң құрастыру жұмыстары басталмақ. Қазір зауытта «DAEWOO» маркалы автобустардың 6 түрі, сондай-ақ, «Газель NEXT» көлігін шығарады. Жылына 150-ден астам қоғамдық көлік құрайтын зауыт келер жылдан бастап бұл межені 250-ге дейін жеткізуді көздеп отыр.
Марат Макишев, ЖШС бас директорының орынбасары:
- Шығарылатын туристік автобустар екі есікті, 45 жолаушыға арналған. Люкс нұсқасында құрастырылып, қала сырты мен қалааралық қатынастарға арналады. Сондай-ақ, электрмен жүретін автобустарды жасауды да ойластырып жатырмыз. Бұл жоспарымыз 2020-2021 жылдары іске асады.
Е.ЖАҚЫП
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.