Астанада 441 автобус жүргізушісі «қара тізімге» ілінген. Ереже бұзып, жолаушылармен дөрекі сөйлескен қызметкерлер саны соңғы бір жарым айда үш есеге көбейді. Бұл туралы бүгін «Астана ЛРТ» мекемесі басшысының орынбасары Бейбіт Есжанов айтты.
Енді жыл соңына дейін басым көпшілігінің тәртібін ретке келтіріп, бұл тізімнен шығаруды жоспарлап отыр екен. Заңды бұзған жолаушылар да аз емес. Жыл басынан бері 5658 адам жолақы төлемегені үшін ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға жалпы көлемі 27 млн. теңге болатын айыппұл салыныпты.
Бейбіт Есжанов, «Astana LRT» жшс басқарма төрағасының орынбасары:
Барлық жүргізушілер біліктілік арттыру орталығында оқып жатыр. Бізде мың жарымға жуық автобус жүргізушісі бар. Кесте бойынша олар жыл соңына дейін кезек-кезегімен оқып шығады. Ал электронды төлем жүйесі бойынша тұрғындардан аптасына жүзге тарта шағым түсуде. Әлеуметтік желі парақшаларындағы соңғы видеороликтерді талдай отырып, кеңесшілердің немесе жүргізушілердің билетті бермей қоятынын байқадық. Бұл бағытта біз көліктік бақылау инспекциясының көмегімен әкімшілік жауапкершілікке тартып жатырмыз.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.