Астана қаласының Байқоңыр ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының Байқоңыр ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

02.11.2018

Жаңа ауданға жаңа қызмет көрсету орталығы. Астана қаласының Байқоңыр ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл елордадағы осындай 10-шы мекеме. Әкімшілік аумақ ретінде биыл ғана еншісін алған Байқоңырда 220 мың халық тұрады. Сол себепті, құжатты реттеп, куәлік алатын мекеменің қажеттілігі сезілетін. Енді астаналықтар үшін де таңдау мүмкіндігі артады, ал, басқа бөлімдерге жүктемені азайтуға мүмкіндік болады. Орталық Абай және Жұбанов көшелерінің қиылысында орналасқан.

Мұрат Жұманбай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми өкілі:

- Бұл жерде 13 оператор мен қызмет көрсету үстелі, 4 Миграциялық полицияның қызметкері отырады. Құжаттандыру қызметтерін көрсететін үстелдер бар.

Ерлан Қаналимов, Байқоңыр ауданының әкімі:

- Қазір көлік тұрақтарын, осы маңайдағы транспорттық логистиканы реттеу біздің мойнымызда.  Сол мәселені қолға алып, орталықтың ашылуымен бірге сол мәселені шешетін боламыз.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу