Ақтөбе қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы сенімгерлік басқаруға берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы сенімгерлік басқаруға берілмейді

02.11.2018

Бұл туралы бүгін қала басшылығы мәлімдеді. Кешегі эфирімізде 60-тан аса тұрғынның жиналып, мекемені жекеге беруге қарсылық білдіргенін көрсеткен едік. Бүгін ата-аналар мен қала басшылығы, мәслихат депутаттары жиналып, мәселені біржақты шешті. Нәтижесінде қалалық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы сенімгерлік басқаруға берілмейтін болды.  Негізі, 600 орынға шақталған бұл мекемеде қазір мыңнан аса бала қосымша білім алып жүр.  Жергілікті билік шаһардың басқа ауданынан мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін осындай орталық салу жоспары барын айтты. Бұған дейін облыс орталығындағы бірнеше балабақшаны да жеке басқаруға беру жоспары қарсылыққа тап болған еді. Қазір ол жұмыс та уақытша тоқтап тұр.

Гүлпаршын Айдарханова, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

- Балабақшалардың қазір жекеге берілуі тоқтатылып тұр. Комиссия жұмысын жасап жатыр. Комиссияның қорытындысы 2 жетіде айтылады. Бірақ, заманға сай балабақшалар беріледі. Қазіргі кезде он балабақша жоспарда тұр.  

 

Жақсылық КЕМАЛ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу