Ауыл еңбеккерлері үшін қашан да күз – береке мен мерекенің мезгілі. Бүгін Қостанайда ауыл шаруашылығы күні өтті. Тобыл өңірінің диқандары биыл еліміздің қамбасында 5 млн. тоннадан астам астық құйды. Мал шаруашылығында да ілгерілеу байқалады. Төрт түліктің қарасы жыл сайын көбейіп келеді. Аймақта 10 айдың ішінде 358 мың тонна сүт, 74 мың тонна ет өндірілген. Сондай-ақ, саудаға шығарылған жұмыртқаның саны 492 млн-ға жетті. Өңдеуші кәсіпорындардың да өнімінің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 млрд. теңгеге өскен. Оң өзгерістер бұл салаға құйылатын инвестицияның да молаюына әсер етіп отыр. Биыл ауыл шаруашылығына тартылған ішкі және сыртқы инвестиция 37 млрд. теңге. Басқосуда жетістіктер тізбектеліп, озат еңбеккерлер марапатталды.
Мұхамедханафия Жаркен, комбайншы:
- Биыл егінді өте жақсы жинап алдық. Өзім комбаинға отырдым. Алда бұдан да мол өнім жинаймыз деп сенемін. Әріптестерімді ауыл шаруашылығы мерекесімен құттықтаймын.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.