Басты Жаңалықтар Қостанайда агроөнеркәсіп кешеніне қатысты заңдарға енгізілетін өзгерістерді талқылаған кеңес өтті

Қостанайда агроөнеркәсіп кешеніне қатысты заңдарға енгізілетін өзгерістерді талқылаған кеңес өтті

Қостанайда агроөнеркәсіп кешеніне қатысты заңдарға енгізілетін өзгерістерді талқылаған кеңес өтті. Басқосуға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының ауылшаруашылық мамандары мен Мәжіліс депутаттары қатысты. Жаңа жоба бойынша 27 заңнама мен 10 кодекске 570 өзгеріс енгізілген. Бұлар жер, су, орман, экология тәрізді бірнеше бағытты қамтиды. Алайда, жоба қабылданбас бұрын осылай жер-жерде жан-жақты талқыланады. Аграрлық салаға қатысы бар барлық азаматтардың ұсыныс-пікірлері есепке алынады. Жаңа жоба ауылшаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыны барынша қайтарымды әрі тиімді етуді көздейді.

Сапархан Омаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Субсидия бойынша да өзгерістер бар. Соның ішінде, тиімсіз субсидиядан кетіп, кредиттеу тәрізді ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге көбірек пайда әкелетін субсидияны көбейту мәселесі қаралады.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу