Басты Жаңалықтар Павлодарда оқушылар арасында «Алтын қазына» республикалық көрме-байқауы басталды

Павлодарда оқушылар арасында «Алтын қазына» республикалық көрме-байқауы басталды

Еліміздегі ең мықты шебер оқушылар бүгін Павлодарға жиналды. Өңірде «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы басталды. Елімізде 200-ге жуық өнер мектебі бар. Онда 400 мыңға жуық жеткіншек тәрбие алуда.

Болат Аманбаев, тілші:

Бүгінгі байқаудың басқа байқаулардан айырмашылығы мол. Мәселен, гипстен жасалған мына мүсіндермен тілдесіп, кеңесуге болады.  

Әділет Қажыкенов, ұстаз:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізіліп отырған «Алтын қазына» көрме-байқауы балалардың суретке және өнерге деген талпынысын оятатын символы болады.

Байқауға өзге өңірлерде өткен көрме жеңімпаздарының туындылары қойылды. Родион Лебедев Қызылордадан. Ол темірден түйін түйген шеберлердің ұрпағы. Әсіресе, күміс және мысты балқытып қазақы ою құйғанды ұнатады.

Родион Лебедев, оқушы:

- Бұл жұмыс темірден және әшекей тастармен безендірілген. Мен ою-өрнектерді станок арқылы істегенмін. Біздің елде осындай шеберлерге көп жағдай жасалған. Соны дамытса деп ойлаймын.

Оқушылардың жасаған бұйымдары зауытта дайындалып, сатылымға шығарылатын заттардан еш кем емес. Жас шеберлердің туындылары 7 номинация бойынша сарапталады. 

Саина Рахым, республикалық Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының сарапшысы:

- Метал, қағаз, ағаш және теріні көркемдеп өңдеу бағыттарындағы сәндік-қолданбалы жұмыстар ұсынылған. Барлығы 400-ге жуық жұмыс. Әр оқушы 5 жұмыстан әкелген болатын.

Екі күндік шарада оқушылар елімізге танымал кәсіби мамандар өткізетін шеберлік сыныптарына қатысады. Ең сапалы деген бұйымдар халықаралық байқауларға ұсынылмақ.

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу