Мәжіліс депутаттары Халықаралық ғарыш орталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Халықаралық ғарыш орталығына барды

01.11.2018

Қазақстанның ғарышқа ұшу аппараттарын дайындауға толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, әскери көлік пен қару-жарақтардың барлығын да өндіре алады. Бірақ, оны дамытуға Үкімет тарапынан жақсы қолдау қажет. Ұлттық ғарыш орталығының әлеуетімен танысқан Мәжіліс депутаттары осылай дейді. Сала мамандарымен кездесіп, қазіргі мүмкіндіктерді көзбен көрген депутаттар көшпелі отырыс өткізді. Онда қорғаныс өнеркәсібін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қазір Парламенттің төменгі палатасында саладағы жұмысты жүйелі жүргізуге бағытталған заң жобасы қаралып жатыр. 

Ержан Құдайберген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әскери азаматтардың өміріне қажетті киім-кешек, азық-түлігіне байланысты, өзіміздің күнделікті өнімдерден де құралады. Осының арасында халықпен, елмен, жалпы, бизнеспен қарым-қатынасы осы заң жүйесімен реттеледі.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу